«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ  «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

07.02.2017

Мемлекет басшысы

Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық

бәсекеге қабілеттілік»

 

Құрметті

қазақстандықтар!

Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір

қарсаңында сөз арнап отырмын.

Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен

абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз

туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем

біледі және жоғары бағалайды.

2017 жылдың басынан бастап Қазақстан

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды.

Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық

көрмесі өтеді. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және

Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз.

Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары

өтіп жатыр.  Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам  спортшы мен

делегация мүшелері қатысуда.

Осының барлығы Қазақстанның халықаралық

аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді.

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең

алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай

табандылықпен ілгерілей береміз.

Жаһандық бәсекелестіктің өсуі және

әлемдегі тұрақсыздық жағдайында, 2012 жылы халқыма ұсынған «Қазақстан-2050»

стратегиясының өзектілігі арта түседі. Біз қиындықтарды уақтылы болжай алдық.

«Нұрлы жол» экономикалық саясатының және

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нәтижесінде осынау қиын, жаһандық

трансформацияның алғашқы кезеңінен лайықты өтіп келеміз. Тек 2014-2016 жылдар

аралығында біз экономиканы қолдауға қосымша 1,7 триллион теңге жұмсадық. Мұның

барлығы экономикалық өсімді және бизнесті қолдауға, 200 мыңнан астам жаңа жұмыс

орындарын ашуға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде, 2016 жылы біз ішкі жалпы

өнімнің 1% өсімін қамтамасыз еттік. Бұл қазіргі күрделі жағдайда айтарлықтай

маңызды.

Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді.

Бұл – жаңа жаһандық болмыс, оны біз

қабылдауға тиіспіз.

Қымбатты отандастар!

Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп

отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді.

Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік

революция басталды.

Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас

саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз

алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа

берілген мүмкіндік.

Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаңғырту

жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз

ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет.

Қазіргі кезде көптеген елдер осындай

міндетті орындауға ұмтылуда. Өсімнің жаңа моделіне көшу тәсілі әр жерде әр

түрлі екеніне сенімдімін. Біз өзіміздің мықты тұстарымызды пайдаланып,

Тәуелсіздігіміздің 25 жылында бірге қалыптастырған әлеуетімізді жоғалтып

алмауымыз керек қой.

Қазақстанның Бірінші жаңғыруы бәріміздің

есімізде. 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай

бастағанымыз жадымызда тұр. Сол кезде біздің буын іргетасынан бастап қолға

алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды.

Жоспарлы экономикадан нарықтық

экономикаға көшу жүзеге асырылды. Біздің бәріміз бірлесіп, сол кезде елімізді

күйреуге, азамат соғысына, экономикалық күйзеліске ұшыратпағанымыз мен үшін өте

маңызды. Қазақстан бұл кезеңде аз шығын шығарып, зор жетістіктерге қол

жеткізді.

Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының

қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынумен басталды. Оның нәтижелі

болғаны дау тудырмайды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан

шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.

Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға

жетпес тәжірибе жинақтадық. Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды

бастауға тиіспіз. 

Просмотров: 320

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст