Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы байқаудың кеңес отырысы
2024 жылғы 24 қарашада Степногорск қаласы білім бөлімінде комиссия мүшелері бас қосқан кеңес болды.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың бекітілген қағидалары негізінде, Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығының негізінде конкурс жарияланған болатын. Степногорск қаласы білім бөліміне қарасты 22 балабақшаның 20 балабақшасы конкурсқа қатысты. Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізуді білім беруді басқару органдары Конкурстық комиссияның хаттамасы негізінде жүзеге асырады.
/public/files/2023/12/8/081223_105042_protokol-2.pdf