Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 24 бұйрығы негізінде Степногорск қаласының мектептерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тәрбие жұмысының Модельдік жоспарын іске асыру шеңберінде "Адал ұрпақ" ерікті клубтары құрылды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар тағайындалды. 2020 жылдың соңында "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының мүшелерінің жалпы саны 370 оқушыға жетті. Клуб жұмысының мақсаты: мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту.
Жаңартылған күні: 19.05.2020 15:02 Құрылған күні: 10.12.2020 17:22