Мемлекеттік білім беру тапсырмасын орналастыру туралы байқау
«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың бекітілген қағидалары негізінде, Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығында конкурс жариялайды.
Конкурстық рәсім 16 жұмыс күнін құрайды. Бұрын мемлекеттік тапсырыс орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген өзектендірілген құжаттар ұсынылған жағдайда және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен келесі күнтізбелік жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізіледі.
Конкурсты өткізу күні 2023 жылдың 05 маусымда, сағат 11.00-де 4 шағынауданы, ғимарат 1 , 3-қабатта Степногорск қаласының білім бөлімі.
Қазақстан Республикасы Білім министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс өткізу туралы
хабарландыру.
2023 жыл 23 мамыр
Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады. Конкурсқа қатысуға Степногорск қаласының аумағында орналасқан мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдар өтінім тапсырады.
Мектепке дейінгі ұйымдар меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларында көзделген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын сақтай отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі қызметті көрсетуші жеткізушілердің тізбесіне енгізіледі.
Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтініш берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:
1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;
2) медициналық көмек көрсетуге (медициналық қызмет көрсету) шарт болмаған кезде медициналық қызметке лицензиялар;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктер, жылжымайтын мүлікке (жалға алынған) құқықты белгілеуші және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;
4) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 28566 тізілімінде болып тіркелген) сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі-санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды);
5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.
Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды Білім беруді басқару органдарын құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша міндеттер мен функцияларды іске асыруға арналған құрылымдық бөлімше конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Мектепке дейінгі ұйымдар басшы қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды Білім беруді басқару органдарының ҚҚҚБ-нің электрондық поштасына электрондық форматта жібереді.
Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органдарының ҚҚҚБ -не қағаз форматта жібереді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысуға ниет білдірген барлық тұлғалар 2023 жылғы 05 маусым сағат 10 сағат 00-ге дейінгі мерзімде « Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне толық құжаттарын ұсынады. Конверттерді Ақмола облысы әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия 2023 жылғы 05маусымда 11 сағат 00 минутта ашады.
Құжаттарды ҚҚҚБ -де тіркеу аяқталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды қарайды. Құжаттар міндетті түрде бейне және аудио тіркеу жүргізіліп, әлеуетті қызмет берушілердің қатысуымен қаралады.
Комиссия мүшелері қатарынан айқындаған тұлғалар келесі 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындау үшін мектепке дейінгі ұйымға баруды жүзеге асырады.
Ұсынылған құжаттарды қарау және мектепке дейінгі ұйымға бару нәтижелері бойынша Комиссия осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама жасайды және 5 (бес) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Білім беруді басқару органдары Комиссия хаттамасының негізінде атауын, өтініш берген кездегі бос орындар санын және байланыс деректерін көрсете отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастырады.
Комиссия мынадай шешімдердің біреуін шығарады:
Бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген өзекті құжаттарды ұсынған жағдайда және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен келесі күнтізбелік жылға арналған Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізіледі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдарда қаржы жылында бір рет осы Қағидалардың 19-тармағының шарттарын сақтау және қамтамасыз ету бойынша жоспарлы мониторинг жүргізіледі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурстарында жарияланады.
«Ақмола облысы білім басқармасының
Степногорск қаласы бойынша білім
бөлімі» ММ басшысы