Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы байқаудың сараптамалық кеңес отырысы
2024 жылғы 16 қаңтарда Степногорск қаласы білім бөлімінде комиссия мүшелері бас қосқан сараптамалық кеңес отырысы болды. Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығының негізінде Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың бекітілген қағидалары негізінде конкурс жарияланған болатын. Конкурсқа Ақмола облысы «Райхан-Ана бөбекжай балабақщшасы» мекемесі құжаттарын ұсынды. Комиссия мүшелері ұсынылған құжаттарды тексеріп, балабақшаға барды.