Жетістіктер

2021 ж. 16 сәуір күні «Қосымша білім берудің үздік педагогы» облыстық сырттай конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.

«Бас жүлде» иегері – Пищулин Кирилл Владимирович, «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК педагогы.

І орынның иегері – Бекмагамбетова Бибигуль Ельтаевна, «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты» МКҚК педагогы.

Сонымен қатар, «Қосымша білім берудің үздік педагогы» облыстық сырттай конкурсында Пищулин Кирилл Владимирович І орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!



2020 жылғы 10 қыркүйек күні «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында, «БОЯУЛАР​ ҚҰПИЯСЫ» атты облыстық жас суретшілер конкурсы өткізлді. Нәтижесінде, екі номинация бойынша біздің екі​ оқушымыз 1-ші орынға ие болды. «Бояулар құпиясы» номинациясында Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы​ Маралтаева Айзада, «Коллаж» номинациясында​ Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Жаксылыкова Дильназ. Жетекшісі: БКМ оқытушысы Захарова Юлия Ивановна. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!