«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ  «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы Білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Заңды мекенжайы Степногорск қаласы, 4 шағынаудан, № 1 ғимарат.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:

Ақмола облысында білім беру саласында 22 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2023 жылы білім бөлімі және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдары 6743 қызмет көрсетті;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін –173 қызмет;

ЭҮП арқылы электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 1926 қызмет;

қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 1360 қызмет.

көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық қарау («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда) – 1618 қызмет.

көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық қарау («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда) ) - 1666 қызмет.

Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2022 жылы білім бөлімі және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдары 5661 қызмет көрсетті;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін –94 қызмет;

электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетілді - 3544 қызмет;

қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 2023 қызмет.

               Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

3. Білім саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою»;

«Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау»;

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»;

«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;

Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»;

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

«Білім беру ұйымдарының және республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагогтерін біліктілік санаттарын беруге және растауға аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау».

2. Қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат білім бөлімінің http://stepnogorsk.aqmoedu.gov.kz/ ресми интернет ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған.    Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде. Білім бөлімі мен ведомствоға бағынысты ұйымдармен нормативтік құқықтық актілер әзірленбеген.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

2023 жылы білім бөлімі мен ведомствоға бағыныстағы ұйымдармен БАҚ және әлеуметтік желілерде 22 мақала мен 4 тікелей эфир жариялады. Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі, орта, арнаулы білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас басқармасының жүйесі жұмыс істейді, оларда 12 мемлекеттік қызметтер қолжетімді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар.

Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 100-ден астам қызметкер көрсетеді, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында 68 қызметкер біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

1) 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасының сақталуы мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес 17 білім беру ұйымында бақылау шаралары жүргізілді. Бірқатар ұйымдарда бақылау іс-шараларын өткізу кезінде бақылау іс-шаралары барысында жойылған кейбір сәйкессіздіктер байқалды. Жалпы, олар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тартулар болған жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүргізілуде.

5. Одан әрі тиімділік және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2024 жылы білім бөлімі мен ведомствоға бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.02.2024 15:45
Құрылған күні: 29.02.2024 18:20

Ұйымдар тізімі
Текст