Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы байқаудың
2-ші комиссия отырысы
2024 жылғы 01 ақпанда Степногорск қаласы білім бөлімінде комиссия мүшелері бас қосқан отырыс болды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың бекітілген қағидалары негізінде, Қазақстан Республикасы Оқу ағарту Министрлігінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығының негізінде конкурс жарияланған болатын. Конкурсқа «Райхан-Ана» бөбекжай балабақшасы қатысты. Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін «Райхан-Ана» бөбекжай балабақшасы мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне қосылды.