«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ  «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

2019-2020 оқу жылына жоспар

Степногорск қаласының білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылына

кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыс жоспары

 

Мақсаты: болашақ кәсіби қызмет саласы мен оқу бейінін таңдау барысында оқушыларға кәсіби бағдарлау қолдау көрсету.

Міндеттері:

- әрбір тұлғаның қалауы, қабілеттері, жеке ерекшеліктеріне сәйкес және қаладағы әлеуметтік-мәдени және экономикалық жағдайды ескере отырып, жасөспірімдердің кәсіптік өзін-өзі анықтау қабілетін қалыптастыруға ықпал ететін оқушыларды пәрменді кәсіби бағдар беру жүйесін құру;

- мектеп оқушыларының еңбекке саналы көзқарасын қалыптастыру, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіптік өзін-өзі анықтау;

- мамандықтар туралы білімді тереңдету, кеңейту және жүйелеу;

- кадрлардың айтарлықтай тапшылығы байқалатын немесе жоспарланып отырған негізгі мамандықтар туралы оқушылардың ақпараттануын арттыру;

- түлектерді кәсіби өзін-өзі анықтауға дайындау, мамандықты дұрыс таңдауда көмек көрсету;

- оқу орнының әлеуметтік серіктестермен, жоғары оқу орындарымен, өскелең ұрпақты кәсіби даярлауға мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимыл аясын кеңейту;

- жасөспірімдердің өздерінің өмірлік және кәсіби жоспарларын, болашақ кәсіптің идеалдарын және жоғары біліктілік жетістіктерінің мүмкін болатын үлгілерін жобалауына ықпал ету.

 

Негізгі бағыттары

Оқушылардың кәсіптік бағдар беру жүйесінің тиімділігін арттыру үшін келесі қызмет бағыттары қарастырылған:

  1. Еңбек нарығы туралы түсініктерін кеңейту мақсатында ата-аналарға, оқушыларға оқу және оқудан тыс қызмет арқылы кәсіптік білім беру.
  2. Кәсіби диагностика және кеңес беру – жасөспірімдердің мамандық таңдауын саналы түрде қалыптастыру мақсатында.
  3. Кәсіби бағдар берудің тиімді жүйесін құру үшін мүдделі құрылымдардың күш – жігерін біріктіру мақсатында кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау.

 

 

 

 

 

 

Жұмыстың мазмұны

Орындау мерзімі

Мақсатты аудитория

Жауапты

Кәсіби ағарту

Оқу кабинеттерінде кәсіби бағдарлау бойынша ақпараттық стендтерді рәсімдеу, оларды жаңарту

қыркүйек

1-11 сыныптар

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары,  сынып жетекшілері

Оқушыларды, олардың ата-аналарын, педагогтарды жергілікті және аймақтық еңбек нарығындағы жұмыспен қамту мәселелері туралы хабардар ету

жыл бойынша

 8 -11 сыныптар

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары, кәсіптік бағдар бойынша жауаптылар

 

Облыстың, республиканың оқу орындары туралы ақпарат жинау

жыл бойынша

8 -11 сыныптар

Кәсіптік бағдар бойынша жауаптылар

Қала, облыс, республика кәсіпорындарына экскурсиялар ұйымдастыру

жыл бойынша

1-11 сыныптар

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары, кәсіптік бағдар беруге жауапты сынып жетекшілері

Мектепаралық оқу-өндірістік комбинатында ашық есік күндерін өткізу

наурыз-мамыр

 7- 9 сыныптар

Әкімшілік,

оқытушылар

Бейнероликтер, суреттер, кәсіби шеберлік, шығармалар, эссе конкурстарын ұйымдастыру және өткізу:

«Мамандығы бойынша үздік»

«Менің ата-анамның кәсіптері»

«Менің болашақ мамандығым»

«Мен және менің мамандығым»

«Болашақ мамандықтары»

жыл бойынша

1-11 сыныптар

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары, кәсіптік бағдар беруге жауапты сынып жетекшілері,  пән мұғалімдері

«Мен мамандықты таңдаймын» кітап көрмесін ұйымдастыру

жыл бойынша

1-11 сыныптар

кітапханашы

«Мамандық әлемі» тақырыптық апта өткізу.

Тақырыптық буклеттер шығару.

қараша-сәуір

1-11 сыныптар

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары, кәсіптік бағдар беруге жауапты сынып жетекшілері

Қала және кенттердің кәсіпорындарында 10 сынып оқушылары үшін жазғы танысу практикасын ұйымдастыру және өткізу

маусым

10 сыныптар

МОӨК бейінінің әкімшілігі мен мұғалімдері

Кәсіби бағдар бойынша әдістемелік материалдарды жаңарту және толықтыру

жыл бойынша

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары, кәсіптік бағдар беруге жауапты сынып жетекшілері

ББ әдіскерлері

Оқушылармен және ата-аналармен кәсіптік мансап пен денсаулық жетістіктерінің өзара байланысы туралы әңгіме жүргізу

жыл бойынша

Учащиеся и родители

Медицина қызметкерлері

Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру бойынша нормативтік база мен ұсынымдарды зерделеу

жыл бойынша

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары, кәсіптік бағдар беруге жауапты сынып жетекшілері

ББ әдіскерлері

Кәсіби кеңес беру

Оқушылардың колледж және жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесуін ұйымдастыру, интеграцияланған сабақтар өткізу

жыл бойынша

8- 11 сыныптар

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері

«Кәсіпқойлармен диалог» оқушылардың әр түрлі мамандық өкілдерімен кездесуін ұйымдастыру

 

жыл бойынша

1-11 сыныптар

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары, кәсіптік бағдар беруге жауапты сынып жетекшілері

Әңгімелесу:

1.Кәсіби өзін-өзі анықтау

2.Мамандық және қазіргі заман

3.Мамандық таңдау кезіндегі қателіктер

4.Мамандық және тұлға

5.Мамандықты қалай таңдау керек

6.Жаңа мамандықтар мен жойылып бара жатқан мамандықтар

7.Мамандық таңдау формуласы

8.Еңбек пен шығармашылық өмірдің басты мәні ретінде

 

жыл бойынша

1-11 сыныптар

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары, кәсіптік бағдар беруге жауапты сынып жетекшілері

Оқушылар мен ата-аналарға жеке кеңестер

жыл бойынша

Оқушылар мен ата-аналар

Әлеуметтік педагогтар, психологтар, медицина қызметкерлері, сынып жетекшілері

Кәсіби бағдар бойынша облыстық, қалалық семинарлар мен конференцияларға қатысу

жыл бойынша

1-11 сынып оқушылары, директордың ТЖ жөніндегі орынбасары, кәсіптік бағдар беруге жауапты сынып жетекшілері

ББ әдіскерлері

Кәсіби диагностика

Оқушылар арасында сауалнама жүргізу:

1. «Мамандық таңдауға дайындық»

2. «Мүдделер картасы»

3. Г.В. Резапкина бойынша  «Мамандықты таңдау матрицасы» әдістемесі. Қолайлы қызмет түріне бейімділікті анықтау

4.Мамандық таңдау себептерін анықтау

5.Оқушылардың қабілетін анықтау

жыл бойынша

1-11 сыныптар

Психологтар

ҰБТ және оқуға түсу үшін таңдау бойынша пәндерді бейінді оқытуды таңдауға көмек көрсету, тереңдетілген диагностика

жыл бойынша

 7- 11 сыныптар

Психологтар, пән мұғалімдері

Балалардың қызығушылығы мен бейімділігін анықтау бойынша ерте диагностика жүргізу, қабылдау арналары бойынша темпераментті, жеке тұлғаның түрін анықтау

жыл бойынша

 5 - 7 сыныптар

Психологтар, сынып жетекшілері

Диагностика нәтижелері бойынша ата-аналармен әңгіме жүргізу, «Баланы еңбекке дайындауда және кәсіпті таңдауда менің рөлім» сауалнамасы

жыл бойынша

5-7 сынып оқушыларының ата-аналары

Психологтар, сынып жетекшілері

Оқушылардың өзін-өзі анықтау және олардың жеке кәсіби жоспарын құру бойынша сынып сағаттарын өткізу

жыл бойынша

7- 11 сыныптар

Психологтар, сынып жетекшілері

Жаңартылған күні: 28.05.2020 15:58
Құрылған күні: 28.05.2020 16:01

Ұйымдар тізімі
Текст