21.05.2026
Құрметті мектеп басшылары, педагогтер және ата-аналар!
2025–2026 оқу жылының аяқталуына, сондай-ақ 9-сынып түлектеріне негізгі орта білім туралы аттестаттарды тапсыру (15 маусым күні) және 11-сынып түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде табыстау (18 маусым күні) іс-шаралары өтуіне орай, Білім бөлімі келесідей қатаң талаптарды орындауды жүктейді: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және педагогикалық әдеп нормаларын сақтау мақсатында мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар беруге, сондай-ақ ақшалай қаражат жинауға қатаң тыйым салынады.
Мектеп қабырғасында салтанатты іс-шараларды ұйымдастыру үшін тыс жерлерден аниматорларды, мерекелік студиялар мен жеке агенттіктерді ақылы негізде шақыруға жол берілмейді.
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп бітірушілердің қатысуымен автокөлік шерулерін (кортеж) ұйымдастыруға, ойын-сауық орындарына, мейрамханалар мен дәмханаларға баруына рұқсат етілмейді.
Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерлерде (табиғат аясында, жалдамалы пәтерлерде, демалыс орындарында) ата-аналар тарапынан мерекелік дастарқандар ұйымдастыруға және бұл мақсатта ақша жинауға тыйым салынады.
Мемлекеттік қорытынды аттестаттау (емтихандар) кезінде оқушылардан кеңсе тауарлары (қалам, дәптер және т.б.) үшін ақша жинауға және ата-аналар тарапынан емтихан комиссиясына арнап дастарқан жаюға қатыс қалыптасқан ескі үрдістерге жол берілмейді.
Оқушылар мен ата-аналардың мектеп аумағында немесе білім беру процесіне қатысты фото/видео материалдарды әлеуметтік желілерге жүктеу кезінде өзге тұлғалардың жеке өміріне қол сұқпау қағидаларын сақтауы, сондай-ақ білім беру мекемесінің беделіне нұқсан келтіретін немесе этикаға жат мазмұндағы жарияланымдарға жол бермеуі қатаң талап етіледі.
Бұл талаптардың негізгі мақсаты:
Әлеуметтік теңдікті сақтау: Ата-аналар арасындағы қаржылық жарыстың алдын алып, әр оқушының отбасының материалдық жағдайына қарамастан өзін тең сезінуін қамтамасыз ету.
Академиялық адалдық: Мұғалімдерге сыйлық беру немесе ақша жинау тәжірибесін жойып, білім беру жүйесінің тазалығы мен ашықтығын сақтау.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету: Мерекелік шараларды мектеп бақылауынан тыс жерде өткізу кезінде туындауы мүмкін жағымсыз оқиғалардың (жол-көлік оқиғалары, бұзақылық, т.б.) алдын алу.
Кәсіби мәртебе: Мектептің білім беру мекемесі ретіндегі мәртебесін сақтап, ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты тек кәсіби деңгейде ұстау.
⚠️ Ескерту: Жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуына жол берген білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң тәртіптік шаралар қолданылатын болады.