Президенттік шырша

26.12.2025

2025 жылғы 22–24 желтоқсан аралығында Астана қаласында Президенттік шырша өтті.

Аталған іс-шараға Ақмола облысынан келген балалар қатысты.

Президенттік шыршаға Ерейментау ауданы, Степногорск қаласы, Жарқайың ауданы, Ақкөл қаласы және Астрахан ауданының оқушылары қатысып, елордада ұйымдастырылған мәдени-танымдық бағдарламаларға қамтылды.

22 желтоқсан күні балалар Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументіне танымдық экскурсия жасады.

23 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Ұлттық музейін, Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайын аралап көріп, кейін «Думан» ойын-сауық орталығының океанариумын тамашалады.

24 желтоқсан күні Президенттік шыршаның негізгі салтанатты бағдарламасы өтті. Іс-шара аясында станциялар бойынша цифрлық шоу және Жаңа жылдық қойылым ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Президенті атынан Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызы құттықтау сөз сөйлеп, балаларға ізгі тілегін білдірді.

Сондай-ақ қатысушыларға Президент атынан бағалы сыйлықтар табысталды. Аталған мерекелік іс-шара балаларға жағымды әсер қалдырып, олардың жаңа жылдық көңіл күйін көтерді.

Просмотров: 6344


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу