«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ  «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Мұғалімдер күні

06.10.2025

🎉 Степногорск қаласында Мұғалімдер күні аталып өтті! 📚🍂

Бүгін Степногорск қаласындағы "Горняк" мәдениет үйінде ардақты ұстаздарға арналған мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты жиынға қала әкімі Ғайдар Қабдоллаұлы мен қалалық мәслихат депутаттар корпусының жетекшісі Олжас Аманжолұлы қатысып, ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, білім беру саласындағы еңбектері үшін алғыс білдірді.

🔹 Іс-шара барысында мұғалімдерге алғыс хаттар мен марапаттар табысталды.
🔹 Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Құрметті ұстаздар! Сіздерге шексіз ризашылығымызды білдіре отырып, еңбектеріңіз жемісті болып, әрдайым биіктерден көріне берулеріңізге тілектеспіз! 🌟

 

Просмотров: 984


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст