«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ  «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Ақсу кентінің №1 және №2 жалпыорта мектептерінде робототехника кабинеттерінің ашылуы

     «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ақсу №1 және Ақсу №2 жалпыорта мектептерінде 2021 жылдың 28 сәуір күні робототехника кабинеттері ашылды. Ашылуға қатысқандар Степногорск қаласының әкімі Еркебұлан Еркешұлы Баяхметов, Степногорск қаласының білім бөлімінің басшысы Сағындық Серікбайұлы Шабаров және тағы да басқа өкілетті тұлғалар. Басты демеуші «Қазақалтын» ТМК АҚ бас директоры Рүстем Мансұрұлы Қаракөсовке балардың дамуы мен робототехника кабинеттерін ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз.

     XXI-ғасыр техниканың даму ғасыры болғандықтан, компьютерлер мен роботтардың адам өмірінде алатын орны өте зор.

      Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізі. Білім беру саласында сабақтан тыс уақытта жүргізілетін әрбір үйірменің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі ерекше. Оның ішінде, техникалық – шығармашылық үйірмелері өзге үйірмелерге ұқсамайтын өзіндік атқаратын қызметі мен тәлім – тәрбиелік мүмкіндігі зор үйірмелер.

     Робототехника – автоматтандырылған техникалық жүйелерді дамытумен айналысатын қолданбалы ғылым, оқушылардың болашақ кәсіптерін анықтап, қабілеттерінің дамуымен қатар өзін-өзі танып білуге, техника әлемін зерделеуге, қабілеттерін, біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік жасайды.

Жаңартылған күні: 30.04.2021 17:12
Құрылған күні: 30.04.2021 17:12

Ұйымдар тізімі
Текст