«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ  «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

«Балауса» балабақшасы

 

Балабақша туралы ақпарат:

2016 жылдың 11 қарашасында Степногорск қаласында «Степногорск қ. Білім бөлімі» ММ қарасты инклюзивті білім беретін «Балауса» бөбекжай-балабақшасы ашылған болатын.

Жаңа бөбекжай-балабақшаның тәрбие беру бағдарламасының ерекшелігі – инклюзивті білім беру, яғни денсаулығының мүмкіндігі шектелген  балалардың басқа балалармен бірдей жағдайларда білім алуы. Бүгінгі күні бөбекжай-балабақшаға 245 бала келіп жүр, оның ішінде 45 бала – ерекше білім беруді қажет ететін балалар.

ПМПКҚ өткен балалардың мынадай қорытындысы бар: «Балауса» инклюзивті балабақшада білім және тәрбие алу». Диагнозына сәйкес баламен келесі мамандар жеке жұмыс жүргізеді: логопед, дефектолог, психолог, физиотерапевт, музыкант, жүзу нұсқаушысы, дене шынықтыру нұсқаушысы, «Осьминожки» үйірмесінің жетекшісі.

Диагнозына байланысты бөбекжай-балабақшаның педагогикалық консилиумы ЕБҚ балаға толық, ішінара, немесе эпизодтық интеграция бекітеді.

«Балауса» бөбекжай-балабақшасының инклюзивті топтарында 1,6 жастан 6 жасқа дейінгі қалыпты дамып жатқан балалармен бірге ерекше білім беруді қажет ететін (ЕБҚ) балалардың бірлесе білім алып тәрбиеленуі жүзеге асырылады. Орташа есеппен алғанда әр топта ЕБҚ 2-3 баладан бар.

Білім беру үдерісін ұйымдастыру кезінде аялаушы күтімді-педагогикалық режім қарастырылған (ЕБҚ балалардың мүмкіндігінен асатын талаптар қойылмайды, сондай-ақ әр балаға қойылатын жеке талаптар төмендетілмейді).

Жаңартылған күні: 14.05.2020 09:25
Құрылған күні: 28.05.2020 11:41

Ұйымдар тізімі
Текст