2020 жылғы 04 желтоқсан күні әдістемелік кабинетінің меңгерушісі К.А. Назымбековтың төрағалылығымен, online режимінде әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде келесі тақырыптар бойынша сұрақтар қарастырылды: 1) «Мұғалімдердің кәсіби шеберліктің нәтижелері арқылы, білім сапасын көтеру» №7 ОМ, №9 ОМ, Қарабұлақ ОМ, Заводской ОМ жұмыс тәжірибесінен; 2) «Жоғары деңгейлік мектептерінің ерекшеліктері» №3 КМЛ, №5 КМЛ жұмыс тәжірибесінен; 3) «Тәрбиешілердің инновациялық іс-әрекеті — кәсіби өзін-өзі дамуының, әдістемелік жұмыс нәтижелілігінің негізі» №1 «Айгөлек» б/б, «Арай» б/б, «Нұршуақ» б/б жұмыс тәжірибесінен; 4) «Шығармашыл дарынды балаларымен жұмыс. Нәтижелер. Жетістіктер.» БММ жұмыс тәжірибесінен. Негізгі баяндамалардан кейін, педагогикалық шеберліктің конкурстары, қашықтықтан оқыту және аттестация бойынша сұрақтар талқыланды.