2020 жылғы 27 қазан күні «Туған жер – тұнған тарих» атты облыстық сырттай конкурсы өткізілді. Степногорск қаласы атынан Сәкен Сейфуллин атындағы № 5 көпсалалы мектеп-лицейінің мұғалімі Аяған Нұржан Алдоңғарұлы және Қарабұлақ ауылы орта мектебінің мұғалімі Оразалина Зауреш Забихуллиновна қатысты.
Осы конкурсқа аталған педагогтар өздерінің авторлық әзірлемелер мен бейнероликтарын ұсынды.
Аяған Н.А. «Біздің өлкеміздің атақты адамдары» номинация бойынша «Паң Нұрмағамбет қажы» тақырыбындағы сынып сағатының сценарийін әзірледі.
Оразалина З.З. «Менің кіші Отаным» номинация бойынша «Кіші Отанымның тарихы – Елімнің тарихы» тақырыбындағы сынып сағатының сценарийін әзірледі.
Нәтижесінде, «Туған жер – тұнған тарих» атты облыстық сырттай конкурсында Аяған Нұржан Алдоңғарұлы ІІ орынның иегері, Оразалина Зауреш Забихуллиновна ІІІ орынның иегері болып атанды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!