«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ  «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Баланы қабылдайтын отбасы туралы ақпарат

02.02.2017

      «Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі  «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»

Кодексінің 131-1-бабын іске асыру шеңберінде «Баланы қабылдайтын отбасы туралы

ереже» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7

қазандағы № 597 бұйрығы әзірленгендігін хабарлайды.

      Бұйрық ҚР Әділет

министрлігінде 2016 жылғы 15 қарашада № 14425 болып тіркелді және 2017 жылғы

қаңтардан бастап заңды күшіне енеді.

   

Аталған Ережеде баланы қабылдайтын отбасы – жетім балаларға,

ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру

ұйымдарындағы кемінде 4 және 10 аспайтын жетім баланы, ата-аналарының

қамқорлығынсыз қалған баланы тәрбиелеуге қабылдайтын толық отбасы ретінде

қарастырылған.

  

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын

ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы

төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31

желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес қабылдайтын отбасында балаларды

тәрбиелегені үшін баланы қабылдайтын әрбір ата-анаға бір жылға дейін еңбек

өтілі бар білім саласындағы санаты жоқ біліктілігі орта деңгейдегі (В4-4)

негізгі персоналдың лауазымдық айлықақысы мөлшері есебімен ақы төлеу

жүргізіледі.

  

Ақшалай қаражат баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың

негізінде, еңбек шартын жасаусыз төленеді.

Баланы қабылдайтын отбасында тәрбиелеу

бойынша міндеттемелерді орындау баланы қабылдайтын ата-аналарға басқа да еңбек

қызмет атқаруға тыйым салмайды.

     

Баланы қабылдайтын ата-аналарға техникалық және кәсіби жоғары білімінің

бар болуына талаптар қойылмайды. Әр баланы бағып-күтуге 10 АЕК мөлшерінде

жәрдемақы төлеу қарастырылған.

 Осыған

байланысты, Мемлекет басшысының балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілердің санын

қысқарту бойынша тапсырмасын іске асыру шеңберінде баланы қабылдайтын

отбасыларға үміткерлерді Степногорск қаласының білім бөліміне 37 каб№ 6-19-09

тел. бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

 

 

Просмотров: 708


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст