Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуғамемлекеттік білім беру тапсырысынорналастыруға конкурс өткізу туралыхабарландыру
"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Степногорск қаласы, 4-шағынаудан, 1-ғимарат) мектепке дейінгі тәрбиемен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша 30 орындық конкурсқа өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды.
Әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері (тиісінше ресімделген сенімхат болғанкезде) конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсты ұйымдастырушының кеңсесіне немесе "Ақмолаоблысы білім басқармасының Степногорск қаласыбойынша білім бөлімі" ММ (Степногорск қаласы, 4-шағын аудан, 1-ғимарат) № 36 кабинет мекенжайы бойынша тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып, 2022 жылғы 12 мамырдан бастап 01 маусымды қоса алғанда әрбір жұмыс күні сағат 9-00-ден 18-00-ге дейінгі мерзімде ұсынады.
Өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға конкурстық құжаттаманы ұсынуы "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 463 бұйрығымен қарастырылған.
Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтініш берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;
2) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтама және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтама;
3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке (жекеменшік немесе жалға алынған) құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесі;
4) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі;
5) медициналық кабинетке лицензияның көшірмесі немесе бекітілген орнын ескере отырып, емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шарт;
6) Заңға сәйкес тамақтандыруға жұмсалатыната-аналар төлем ақысының белгіленген мөлшерімен, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларының, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдерінің жолдамасымен ғана мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;
7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы қол қояды, мөрмен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8(71645)6-21-09, 6-11-29 телефондары арқылы алуға болады.