13.04.2022
2022 жылдың 13 сәуірінде Щучинск қаласында Жоғары педагогикалық колледж мекемесінде 7-8 сынып оқушылары арасында Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі өтуде. Степногорск қаласының білім бөлімінен математика, биология, химия, физика, информатика пәндері бойынша 9 оқушы қатысады. Оқушылар жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша білім сайысына түседі. Оқушыларымызға осындай шешуші сәтте жеңіске жетуіне тілектеспіз!
Бұл шара Ғылым күні аясында өткізілуде!