2021 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі» ММ және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары. Заңды мекен-жайы: Степногорск қаласы, 4 шағын аудан, №1 ғимараМемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Степногорск қаласы бойынша білім беру саласында 2021 жылы 23 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2021 жылы білім бөлімі және ведомствоға қарасты білім беру ұйымдарымен 6197 қызмет көрсетілді;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 199;
Электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-2836; Қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-2908.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» - 28
«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» - 19
«Кәмелетке толмағандар мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» - 104
«Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру» - 0
«Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншы және қамқоршы органның шешімін беру» - 14
«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» - 487
«Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» - 1075
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
- 982
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» - 32
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» - 514
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» - 15
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» - 1581
«Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» - 242
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» - 0
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» - 654
«Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап- бағуға жәрдемақы тағайындау» - 7
«Баланы(балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы(балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» - 1
«Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» - 7
«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы денедалық төлемді тағайындау» - 0
«Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» - 0
«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» - 74
«Республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары лауазымдарына орналасу және Республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» - 19
«Біліктілік санаттарын беру және растау үшін білім беру ұйымдары мен республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары
педагогтерінің аттестаттаудан өтуіне құжаттарды қабылдау» -156
Қызмет алушылармен жұмыс:
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурста орналастырылған
http://stepnogorsk.aqmoedu.kz/content/9988-28-11-19-13-28-09-gosudarstvennye- uslugi білім басқармасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде
мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2021 жылы білім бөлімі және әлеуметтік желілерде 5 ақпараттық пост жариялады, 2 дөңгелек үстел, 2 онлайн конференция өткізді. Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
2021 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2022 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.