Қауіпсіз жаз — 2026: Степногорскіде мектеп оқушылары құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті ☀️⚖️

21.05.2026

Қауіпсіз жаз — 2026: Степногорскіде мектеп оқушылары құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті ☀️⚖️

​Жазғы демалыс — демалу уақыты, бірақ балалардың қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында!

​Бүгін, 18 мамыр күні «Горняк» мәдениет үйінде Степногорск қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 7-10 сынып оқушыларына арналған маңызды кездесу өтті. Шараның тақырыбы: «2026 жылғы жазғы кезеңде құқық бұзушылықтардың алдын алу».

​Кездесуде оқушылар алдында маңызды ақпараттармен Степногорск қаласының әкімінің орынбасары, Степногорск қаласының прокуратурасы, Степногорск қаласының Аманат партиясы,Полиция басқармасының өкілдері бөлісті.

​Мамандар балаларға құқықтық жауапкершілік, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері және жазғы демалысты қалай қауіпсіз әрі пайдалы өткізу керектігі туралы айтып берді.

​Жиынға қаламыздағы мектептерден 350-ден астам оқушы мен мұғалімдер қатысты.

Просмотров: 7945


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу