12.01.2026
МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА!!!
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
ҚР БҒМ 19.06.2020 жылғы №254 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары мен Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығы өзгерістер мен толықтырулармен Оқу ағарту министрлігінің 2026 жылғы 05 қаңтардағы №1 бұйрығы негізінде:
Облыс бойынша (Қосшы қаласынан басқа) ақпараттық жүйе арқылы Akmola.kz елді мекен шеңберінде бірыңғай электрондық кезек енгізілді (белгілі бір балабақшаға кезек жоқ). Мектепке дейінгі ұйымдарға кезек ата-аналардың өтінішінде көрсетілген баланың туған жылы бойынша бос орын қалыптастырылады. Кезектегі өтініш кезекке қойылған күн бойынша басымдық тәртібімен орналастырылады.
Akmola.kz ақпараттық жүйесі өтініш берушілерге кезекке қоюға өтініш беруге, берілген өтінішті өзгертуге (байланыс деректерін редакциялауға), кезектен өтінішті қайтарып алуға (кезектен алып тастауға), мемлекеттік немесе жеке меншік мектепке дейінгі ұйымға қабылдануға жолдама алуға, жолдама алуға мүдделілігін көрсетуге мүмкіндік береді.
МАҢЫЗДЫ! Ата-ана (заңды өкіл) ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы Akmola.kz ақпараттық жүйесінде барлық қажетті операцияларды дербес орындайды: жүйеде тіркеледі, баланы кезекке қояды, мүдделілігін растайды, мектепке дейінгі ұйымға жолдама рәсімдейді және т.б.
Назар аударыңыз! ЭЦҚ кілті – құпия ақпарат, оны үшінші тұлғаларға беруге болмайды!!!
Сондықтан Степногорск қаласы бойынша барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» жұмыс жасайды. Сіздерге сол жерде көмек көрсетіледі.
Құрметпен, Степногорск қаласы білім бөлімі