Ақмола облысының жалпы орта білім беретін ұйымдарындағы педагог қызметкерлерінің арасындағы «Үздік педагог 2021» облыстық сырттай конкурсының қатысушысы – Великодная Наталья Сергеевна, «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Шоқан Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің музыка мұғалімі. Біліктілік санаты – педагог-зерттеуші, осы мектепте 2003 жылдан бастап жұмыс жасайды. Жұмыс өтілі – 17 жыл.
Наталья Сергеевна өз педагогикалық шеберлігін тынбай жетілдіріп, өз-өзін белсенді және шығармашыл мұғалім ретінде ұсынды. Жауапкершілігі мол, еңбекқор, бастамаларда алда жүретін саналы ұстаз.
Өз практикалық іс-әрекетінде, оқу-тәрбиелік жүйесінің тиімділігін жоғарлату үшін Наталья Сергеевна заманауи білім беру технологияларды белсенді пайдаланады. Сыныптан тыс іс-әрекетінде және музыка сабақтарында, мұғалім дамыту, жеке бағытталған және жүйелілік-әрекеттік технологияларын іске асыру бойынша жұмыс жасайды.
Қашықтықтан оқыту кезеңінде Наталья Сергеевна Великоднаяның ерекше еңбегі ретінде YouTube бейнехостингтегі музыка пәні бойынша білім беру арнасының құрылуы болып саналады.
2020-2021 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап, бастауыш және орта сатындағы 1-6 сынып оқушыларында, күнтізбелік-тақырыптық жоспарына сәйкес музыка бейнесабақтарын толық көлемінде көруге мүмкіндіктері бар. Бүгінде, Наталья Сергеевнамен 180-нен астам бейнесабақтар, сонымен қатар, музыка пәнін өткізу үшін қажетті материал, тыңдау үшін туындылар, музыкалық ойындар, әндер дегендей сияқты құрылған.
Музыка бейнесабақтарын құру бойынша Наталья Сергеевнаның жұмысы Қазақстанның музыка пәнінің мұғалімдері атынан үздік баға берілген, оның дәлелі, арнаға түскен жағымды алуан түрлі пікірлер, сонымен қатар, бейнесабақтарын құру бойынша өз тәжірибесімен алмасу үшін шақырулар түсті.
Өзіне деген сенімділігі, бастамалылығы, қарым-қатынастылығы, мақсаттылығы, оқу сабақтарына деген шығармашылық тәсілі сияқты Наталья Сергеевнаның жеке қасиеттері оқушылардың музыка пәніне деген қызығушылығы мен мотивацияны жоғарлатады.
Наталья Сергеевнаның педагогикалық ұстанымы: «Шығармашылық арқылы – сәттілікке!». Бұл кредо тек қана сабақтарға емес, сонымен қатар, педагогтың сабақтан тыс іс-әрекетіне де пайдалануға болады. Наталья Сергеевна мектепте вокалдық сыныбымен (солистер, ансамбльдер, бастауыш сыныптардың хоры), би ансамбльмен (үш жастық топтар), сонымен қатар, мұғалімдерден құрылған би тобымен жұмыс жүргізеді. Наталья Сергеевнаның басшылығымен, мектептің барлық шығармашылық ұжымдары мектеп және қала өмірінде белсенді қатысады (концерттер, мерекелер, семинарлар, іс-шаралар), әр түрлі деңгейдегі конкурстар мен фестивальдердің жеңімпаздары болып саналады (қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық).
Мектептің әдістемелік жұмысында да Наталья Сергеевна белсенді қатысады: педагогикалық кеңестер, мектеп әдістемелік бірлестіктердің жұмысында, сонымен қатар, музыка мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестіктердің жұмысында белсенді қатысып, өз әріптестерімен ақпараттық және заманауи білім беру технологиялардың облысындағы жаңалықтарымен алмасады. Н.С. Великоднаяның әдістемелік белсенділігі, өз жұмыс тәжірибесін ұсыну, халықтың алдында сөз сөйлеу, ашық сабақтар мен шебер-сыныптарды беру деген формалар арқылы танылады. Наталья Сергеевна білім беру мекемесінің және оның сыртындағы деңгейінде өз педагогикалық тәжірибесін жалпылау және тарату бойынша белсенді жұмыс атқарып, әр түрлі деңгейдегі конкурстар мен олимпиадаларға қатысады.
Наталья Сергеевна Великодная әрқашанда шығармашылық ізденісте, өз шеберлігінің және оқушылардың құзыреттілігінің деңгейін жоғарлату бойынша жұмысын жүйелі түрде жүргізеді. Бұл педагогтың жұмысына деген шығармашылығы, жауапкершілігі мол тәсілі, басқа адамдардың сәттілігіне деген қызығушылығы мен белсенділігі, жауаптылығы, балаларға деген сүйіспеншілігі мен мейірімділігі әріптестер, ата-аналар, оқушылар арасындағы өзіне деген жанашырлық пен құрметті туғызады.