«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ  «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Хабарландыру

30.04.2025

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА❗❗❗

✒️Ақмола облысының Степногорск қалалық білім бөлімі 2024-2025 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау тапсыруда мына жағдайларды ескертеді:❗❗❗ ✒️•
✅Бітіруші 4 және 9-сынып, 11 сынып оқушыларынан мектеп қажеттілігіне ақша жинау;
✅ Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру;
✅Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар беру.
✅ Бұл шектеулер – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.
✅ Білім мекемелерінің  ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тиым салынады.
✅ Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында білім мекемелерінің әкімшілігіне және педагогтарға кез келген түрдегі сыйлықтарды қабылдауға қатаң түрде тыйым салынады.
✅ Оқушылардың автокөлік шеруіне шығып, ойын-сауық алаңдары, мейрамханалар мен саябақтарға баруына тыйым салынатындығын ескертеміз.
✅ Қорытынды аттестаттау кезінде әртүрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыруға қатаң түрде тыйым салынады.

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА ! ! !
Жоғарыда айтылған талаптарды назарға ала отырып, оқушылардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауыңызды өтінеміз.
Сіздердің ұл-қыздарыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру біз үшін абыройлы  МІНДЕТ!
Егер сізді қандай да бір сұрақ мазаласа, кез келген уақытта сұрағыңызды тыңдап, жауап беруге дайынбыз!

Құрметпен, Степногорск қаласының білім бөлімінің басшысы   Оспанова Алтын Кабдрашитовна

Просмотров: 1204


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст