«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ  «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Қалалық Әдістемелік Кеңес № 4

29.04.2021

Қалалық әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарының негізінде, 2021 ж. 23 сәуір күні ZOOM платформасы арқылы online режимінде № 4 қалалық әдістемелік Кеңесінің осы оқу жылындағы соңғы отырысы өткізілді.

Күн тәртібінің негізінде, әдістемелік кеңесінің отырысында ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша директордың орынбасарлары Шоқан Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта білім беретін мектебінің Хабибуллина З.М., Бестөбе кентінің № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің Саттарова А.М., Бестөбе кентінің № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің Вайсова М.Б., Шантөбе кентінің В. Комаров атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің Носиков А.Е. «Біліктілікті арттыру курстарын өтуі арқылы, педагогтардың кәсіби өсуі» тақырыбы бойынша өз баяндамаларымен таныстырды. Инклюзивтік практикаларды енгізу бойынша тірек білім беру мекемелерінің әдіскерлері «Инклюзивтік білім беру: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысындағы әдістер мен тәсілдері» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөліскен Ыбырай Алтынсарин атындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша директордың орынбасары  Корнева Е.В. және «Балауса» бөбекжай-бақшасының әдіскері Николаева Г.И. Кешкі орта мектебінің және түзеу мекемесінің жанындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директордың орынбасарлары Ибраева Д.А. мен Шатаева Ш.Т. «Білім беру бағдарламасын игеруінде қиыншылықтары бар оқушыларында оқытуға деген оң мотивациясын қалыптастыру және пәндерге деген қызығушылығын көтеру» тақырыбындағы ақпараттарын ұсынды.   Қырық құдық, Изобильное, Байқоныс ауылдарының жалпы орта білім беретін мектептерінің оқу ісі бойынша директордың орынбасарлары С.Е. Айгисованың, А.Ш. Кауданбаеваның, А.К. Тансыкбаеваның «Шағын жинақталған мектебінде бірлескен сыныптарындағы пәндерді оқыту әдісі» тақырыбы бойынша шағын жинақталған мектептерінің жұмыс тәжірибесінен баяндамалары тыңдалды.  «Батыр» балалар-жасөспірімдер спорттық мектебінің әдіскері  Шаймерденова А.А. спортта дарынды балаларымен жұмысындағы нәтижелер мен жетістіктері жөнінде ақпаратты хабардар етті.

Сонымен қатар, әдістемелік кеңесі жұмысының шеңберінде біліктілікті арттыру курстарында оқу бойынша, педагогикалық қызметкерлердің форумдар мен вебинарларға қатысуы туралы, «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсында қатысуы жөнінде және т.б. сұрақтар қарастырылды. 

 

Просмотров: 393


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст