2021 жылғы 23 сәуір күні "Білім беру сапасын арттырудың шарты ретінде оқу процесін ұйымдастыруда тиімді тәсілдерді қолдану және іске асыру: үздік білім беру практикасы – уақыт талабы" тақырыбында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдеріне арналған өңірлік форумында Степногорск қаласы білім бөлімінің педагогтары мен әдіскерлері белсенді қатысты.
Пленарлық отырыс аясында білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Қ.А. Назымбеков қатысушылардың назарына Степногорск қаласының жаратылыстану-математикалық бағыттағы мұғалімдерінің өткен жылғы жұмыс тәжірибесінен "Оқу процесін ұйымдастыруда тиімді тәсілдерді іске асыру" табысты тәжірибелердің әдістемелік панорамасын ұсынды. Бейнепрезентацияның мақсаты: Степногорск педагогтары covid-19 пандемиясының себебі бойынша қашықтықтан оқытуға көшу жағдайында білім сапасының көрсеткішін бұрынғы деңгейде қалай сақтап қалды деген сұраққа жауапты іздеу.
Шебер-сыныптар сериясын аймақ мұғалімдері бес пәндік сессия форматында ұсынды. Білім бөлімінің әдіскері Щербина В.А. "Биология" сессиясының модераторы болды.
Физика мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, Степногорск қаласының Л.Н.Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясының мұғалімі М.Ф. Стоян тиісті пәндік сессия аясында "Оқыту сапасын арттыру әдістерінің бірі ретінде ағылшын тілінде физиканың оқу-әдістемелік кешендерін пайдалану" тақырыбында шебер-сынып өткізді. Осы сессия аясында Қарабұлақ ауылы жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Хасен Назым "Физика сабақтарында оқытудың белсенді әдістері" тақырыбында өз жұмыс тәжірибесін ұсынды.
Информатика пәні мұғалімдерінің пәндік сессиясының спикері болып информатика мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, Степногорск қаласының Л.Н.Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясының мұғалімі А.В. Филатова "Қашықтықтан оқыту кезеңінде білім беру процесіне қатысушылардың АКТ-құзыреттері" тақырыбы бойынша шебер-сыныбын ұсынды.
Химия пәні мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі А.С. Әбділдина әріптестеріне "Білім сапасын арттыру – қашықтықтан оқытудың басты мәселесі" тақырыбында шебер-сыныбын ұсынды.
Ұсынылған педагогикалық тәжірибе іс-шараға қатысушылардың жоғары бағасына ие болды, барлық мәселелер бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп, кең пікірталас өтті. Форумға қатысушылар Қазақстан білім беруді дамытудың басым бағыттары контексінде жаратылыстану-ғылыми бағытындағы пәндері бойынша сабақтарда білім беру процесін ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылады, оқытудың тиімді стратегияларымен және инновациялық білім беру практикаларымен танысты.
Әрбір сессия жұмысының қорытындысы бойынша рефлексия нәтижелері форум қатысушыларының іс-шараны өткізу мазмұны мен нысанына қанағаттанушылығын, олардың тәжірибе алмасуға әрі қарай белсенді қатысуға дайындығын білдіруге мүмкіндік береді.