Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 26 ақпан күні online режимінде кезекті қалалық әдістемелік кеңесінің отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде келесі тақырыптар бойынша сұрақтар талқыланды:
1) «2020-2021 оқу жылының 1-жартыжылдығы бойынша білім беру мекемелері педагогтарының жетістіктері туралы ақпарат» (баяндамашы – Назымбеков К.А., білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі);
2) «Педагогикалық қызметкерлерінің аттестаттаудың проблемалық сұрақтары» (баяндамашы – Халмуратова Б.Ж., білім бөлімінің бас маманы);
3) «Оқытудағы CLIL-технологиясын пайдалануының әдістемелік аспектілері. Тірек мектептердің жұмыс тәжірибесінен.» (баяндамашылар – Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясы, Л.Н. Толстой атындағы № 4 мектеп-гимназиясы);
4) «Бастауыш мектептегі бақылау мен бағалаудың жаңа тәсілдері» (баяндамашылар – Ақсу кентінің негізгі орта мектебі, Бестөбе кентінің негізгі орта мектебі, Бөгенбай ауылының бастауыш мектебі);
5) «Мектепке дейінгі балалардың дамуындағы сюжеттік-рөлдік ойынының маңызы» (баяндамашылар – «Еркетай» № 5 балабақшасы, Шантөбе кентінің «Мерей» № 6 балабақшасы, «Сказка» жеке меншік балабақшасы).
Сонымен қатар, қосымша ретінде әр түрлі сұрақтар қарастырылды (біліктілікті арттыру курстары, қалалық сараптамалық кеңесіне дайындық, жоспар бойынша қалалық іс-шаралар).