«Қыс айшықтары» облыстық байқауының қорытындысы
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы 2021 жылдың 19 ақпанында облыстық "Қыс айшықтары"байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру; қысқы табиғатты бақылау арқылы әсемдік сезіміне тәрбиелеу.
Байқауға 233 қатысушы қатысты, оның 105-і Степногорск қаласынан (!). Орталық "балабақша-мектеп-колледж-ЖОО" үздіксіз экологиялық білім беру моделін іске асыратындықтан, бұл байқауға Ақкөл, Атбасар, Астрахан, Аршалы, Есіл, Жақсы, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград, Шортанды аудандары мен Степногорск қаласынан мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатысты.
Байқау 2 номинация бойынша өтті: "Қыс келбеті" суреттер байқауы және "Мен – экоблогермін" байқауы.
Суреттер байқауына қатысушылар қысты, сиқырлы, ерекше, таңғажайып, ұмытылмас оқиғаларға толы жұмыстарды ұсынды. Жұмыстар түрлі техникада, бояуларда және түрлі-түсті қарындаштарда орындалды.
"Мен-экоблогермін" байқауында балалар туған өлкенің экологиялық проблемалары, осы бағытта атқарылған жұмыстар және қатысқан іс-шаралар туралы айтты.
"Қыс келбеті" номинациясы бойынша степногорлықтар келесі орындарға ие болды:
І. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында:
1 орын - Ерасыл Асхатұлы - Степногорск қаласы Шаңтөбе кентінің №6 "Мерей" балабақшасы; Шаяхметова Әлия, Сулейменов Даниэль, Рудиков Сергей - Степногорск қаласының №5 "Еркетай" балабақшасы.
2 орын - Ерлан Диас, Махмудов Рамис - Степногорск қ. №3 "Алпамыс" балабақшасы, Туркбаева Алтынай, Қайрат әділ - Степногорск қ. №5 "Еркетай" балабақшасы.
II. Бастауыш сынып оқушылары арасында (1-4 сыныптар):
3 орын - Бектұрсын Жәмила, Степногорск қаласы Қ.Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беру мектебі;
III. Орта буын оқушылары арасында (5-8 сыныптар):
2 орын - Нурсеитова Алина, Степногорск қ. Қарабұлақ ауылының жалпы білім беретін мектебі, Бекетаева Томирис- Степногорск қ. Ы. Алтынсарин атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі;
IV. Жоғары сынып оқушылары арасында (9-11 сыныптар):
2 орын - Левченкова Наталья, Степногорск қ. №7 Ю. А. Гагарин жалпы орта білім беру мектебі.
3 орын - Гридасова Ксения, Степногорск қ. Л. Н. Толстой ат. №4 мектеп-гимназиясы; Абай Айзада, Степногорск қ. Бестөбе к. №1 жалпы орта білім беру мектебі.
"Мен - экоблогермін" номинациясының қорытындысы бойынша келесі орындар анықталды:
І. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында:
1 орын - Степногорск қаласы, №4 "Арман" балабақшасының ортаңғы топ тәрбиеленушілері;
2 орын - Степногорск қаласындағы "Балауса" балабақшасының тәрбиеленушілері.
Байқау қорытындыларымен сіз мына жерде таныса аласыз:
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=876823659805908&id=100024348470268
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ олардың жетекші-мұғалімдері мен тәрбиешілерді құттықтаймыз!
Экологиялық білім мен тәрбие саласында алдағы уақытта табыс, шығармашылық байқауларда жаңа жеңістер тілейміз!
Степногорск қаласы білім бөлімінің әдіскер-менторы
Щербина В. А.