Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі» ММ қорғаншылық және қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын, Көкшетау қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 41 мекенжайы бойынша:жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген азаматтарды дайындау бойынша "Асырап алушы ата-аналар мектебі" жұмыс істейтінін жеткізеді.
Аталған мектеп жеке кеңестер, психологиялық-педагогикалық қолдау, асырап алушы ата-аналарды дайындау және сүйемелдеу, құжаттарды дайындау кезінде құқықтық қолдау көрсетеді. Мектеп бітіргеннен кейін курстардың өтілгендігін растау туралы сертификат беріледі.
Барлық сұрақтар бойынша ұялы телефон: 87710227775 немесе Cаll-centеr 1422 (қоңырау тегін) арқылы хабарласуға болады.