Степногорск қаласының білім бөлімімен «Мейірімділік жасауға асығыңыз» атты балалар суреттерінің республикалық конкурсының облыстық кезеңіне № 1 ОМ, № 3 КМЛ, № 4 МГ, № 7 ОМ, № 8 ОМ, Ақсу к. № 2 ОМ, Бестөбе к. № 2 ОМ, Қарабұлақ а. ОМ, Қырық құдық а. ОМ оқушыларының, сонымен қатар, БШҮ мен МОӨК тәрбиеленушілердің 63 шығармашылық жұмыстар ұсынылды. Облыстық кезеңіне жолданған барлық жұмыстарының арасындағы Сіздердің назарларыңызға кейбір суреттерді ұсынамыз.
Балалар суреттері конкурсының мақсаты: қазіргі қоғамның үйлесімді дамыған тұлғасын тәрбиелеу, балаларда адамгершілік, руханилықты қалыптастыру, қоршаған әлемге жақсы сезімдер көрінісінің маңыздылығын сезіну, республикалық ауқымдағы шығармашылық жобаларға қатысу арқылы жалпы адамзаттық құндылықтар: махаббат, мейірімділік туралы білімді қалыптастыру.
Балалар өз шығармашылық жұмыстарын келесі тақырыптар бойынша ұсынды: «Айналамдағы жақсы әлем», «Мен күнімді мейірімділіктен бастаймын», «Менің мейірімді досым», «Анамның мейірімді жүрегі», «Жануарлар – менің мейірімді достарым», «Әжемнің аялы алақаны», «Ұстаз – көзінің мейірімі», «Мектеп – мейірімділік мекені», «Сүйікті де мейірімді қалам», «Менің ең мейірімді аулам».