«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ  «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

«Алпамыс» балабақшасы

ыыыыыыыыыыыыыыыы

№3 «Алпамыс» балабақшасы туралы мақала.

Міне, көп жылдар бойы ата -аналар өз балаларын біздің қонақжай балабақшамызға алып келеді. Балалар біздің балабақшаға қуанышпен келеді. Өйткені балабақшада балаларға көңілді, қызықты. Күлімсіреген балаларды қамқор педагогтардың мейірімді жүректері қарсы алады. Біздің балабақшаның барлық қызметкерлері үшін ең бастысы- балалар, олардың денсаулығы, тәрбиесі мен дамуы. Барлық балалар бір – біріне ұқсамайтын әртүрлі, қызықты,күлкілі, ақылды, ал олардың жанында мақсатшыл, жігерлі, өз жұмысын білетін және әр баланың жүрегіне кілт таба білетін ересектер.

Біздің балабақшада - 250 тәрбиеленуші, 51- қызметкер, оның ішінде -22 педагог. Барлық педагогтар халықаралық, республикалық олимпиадаларға, облыстық конкурстарға, конференцияларға және қалалық көрмелерге белсенді қатысады. Біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Қала әкімінің, білім бөлімінің жақсы жұмысы үшін грамоталар алады.

Барлық педагогтар шығармашыл: өз идеяларын жүзеге асыра алады. Жақсы ойластырылған және ұйымдастырылған пәндік-дамыту ортасы әлеуметтік және коммуникативтік құзыреттілікті, креативтілікті, білімділікті, зерттеушілік қызығушылықты, бастамашылдықты, жауапкершілікті, еркіндікті, зияткерлік және танымдық саланы — яғни мектепке дейінгі білім беруді аяқтау кезеңінде қалыптасуға тиіс баланың барлық жас ерекшеліктерінің дамуын ынталандырады.

         Отбасымен жұмыс істеу маңызды рөл атқарады, бұл ұйымдастырушылық және психологиялық-педагогикалық тұрғыда күрделі міндет болып табылады. Ең алдымен, біз ата-аналармен «сенімді-іскерлік байланыс» деп атауға болатын қарым-қатынас формасын орнатуға тырысамыз. Ата-аналар тәрбиешілердің белсенді көмекшілері мен пікірлестері болу үшін, біз оларды балабақша өміріне тартамыз, барлық оқиғаларды үнемі хабардар етеміз.

Біз тәрбиеленушілеріміздің мейірімді және жауапкершілікті болып өскенін қалаймыз. Тіршіліктің бәріне қамқор болуды, әдемі мен жақсыны қалай бағалай  білуді, барлық уақытта құнды болып табылатын нәрсені – жақсылықты, ақиқатты, махаббатты, сұлулықты, түсінушілікті сезінуді біздің тәрбиеленушілеріміз  алып жүре алады.

Жаңартылған күні: 19.05.2020 15:30
Құрылған күні: 28.05.2020 17:07

Ұйымдар тізімі
Текст